Жүкті болып қалған келіншек жұмысындағы кесте бойынша бала көтермегені үшін “өзімшіл” деп айыпталды
Токионың батысында орналасқан Айти префектурасында тұратын жас жұбайлар сәбилі болатындарын естігеннен кейін көңіл-күйлері түсіп, алаңдаушылық пен қайғыға ұшырады. Аяғы ауыр қыз жеке компанияда жұмыс істеген. Өкінішке орай, бұл фирма балаларға күтім көрсету қызметтеріне мамандандырылған.
Қыз жұмыс істейтін жеке меншік компанияның директоры қызметкерлеріне қашан үйленіп, жүкті бола алатынын өзі жоспарлап, қатаң кесте орнатады екен. Бұл туралы Токио Times хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.Кестеден кез келген жайдай бойынша ауытқушылық орын алса, ол өзімшілдіктің көрінісі ретінде қарастырылады.
Бұл оқиға жүкті әйелдің жұбайы жапондық Mainichi Shimbun басылымына хат жазғаннан кейін белгілі болды. Аяғы ауыр әйелдің күйеуі өздерінің қандай қайғы-қасірет көріп жүргендерін баяндаған. Ол күтпеген жерден таңқаларлық кең тараған тәжірибенің бар екенін білді.
Жапон заңнамасы сәбилі болатындарды және бала күтімі үшін демалыс алатындарды кемсітуге тыйым салады. Алайда, әйелдер жұмыс берушілердің үстінен сирек шағымданады. Олар өздері жұмыс істеген компанияны сотқа бермей жүре береді. Нәтижесінде, жапондық әлеуметтік желілерде осындай оқиғалардың жиі болып тұратыны туралы үнемі пікірталастар туындайды.
Осындай іс-әрекеттерден кейін көптеген компаниялар өздерінде жұмысшылар жеткіліксіз екенін айтады. Елде балалардың дүниеге келуі жыл санап азайған сайын, қызметкерлер жетіспейді. Бұл өз кезегінде еңбек тапшылығы мәселесін одан әрі ушықтырады.
2017 жылы Жапонияда балалардың тууы жүз жылдан аса уақытта болмаған ең төменгі көрсеткішке дейін төмендеді. Токионың қалың көшелеріне қарап, елде халық саны төмендеген деп айту қиын. Бірақ соңғы көрсеткіш басқа жағдайды көрсетіп тұр.
Үкімет болжамына сәйкес, 2060 жылға қарай жапон азаматтарының 40% -ы 65 жастан асады, ал жалпы халық саны айтарлықтай азаяды.
Бұл мәселені зерттеген журналисттің айтуынша, Жапонияның демографиялық дағдарысқа ұшырауының себебі – жұмыс күнінің шамадан тыс ұзақтығы. Елде отбасы емес, жұмыс істеу басымырақ болып тұр. Кейбір жапондықтар күніне 15 сағат жұмыс істейді. Сондай-ақ, 7 миллионға жуық адамның аптасына 60 сағат жұмыс істеген кездері де болған.
Сарапшының ойынша, бұл жағдайдан шығу үшін әйелдер мен ерлердің жұмыс күнін қысқартып, отбасылық өмірдің маңызын түсіну керек.
Алайда, отбасын құруды ойластырғандардың алдында көп кедергілер шыға бастайды. Үкімет әйелдерді салық жеңілдіктері бойынша жұмысқа оралуға және балаларды күтуде көмек көрсетудің жағдайын кеңейтіп жатыр. Бірақ іс жүзінде балабақшаларда орын жетіспейтіндіктен, әйелдер үлкен қысымға ұшырайды. Оларға үйде де, жұмыста да үлгеруге тура келеді.
Сарапшылар Жапонияда иммиграциядан бас тартудың тағы бір себебін анықтады. Экономикасы дамыған көптеген елдер жұмыс күшінің жетіспеушілігін өтеу үшін өзге елден көшіп келген азаматтарды да жұмысқа қабылдайды. Бірақ Жапония болса, керісінше бұл мүмкіндікті пайдаланбайды. Жапон Иммиграциялық орталығының халықаралық биржасының қызметкері Тосихиро Мендзюдің айтуынша, елге көшіп келген шетелдіктерді әлеуетті қылмыскерлер деп санайды.
Сонымен қатар, Жапонияда Азия елдерінен келгендерге қарағанда, «ақ өңді» адамдарды қуана қабылдайды екен. Жапонияның жақын көршілерімен қарым-қатынасы шиеленіскендіктен және елге келген шетел азаматтарының жағымсыз имидждеріне қарап, үкімет Азиядан келген иммигранттар үшін шекараны ашуды қаламай отыр. Алайда мәселе жұмыс берушілер мен үкіметте ғана емес. Жапонияда ұжымның мүдделері жеке қажеттіліктерден асып түсуі керек деген пікір бар.
Марико Оидың айтуынша, елдегі экономикалық шиеленіс кезінде көптеген қызметкерлерді өмір бойы жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік берілген. Сондықтан «елге деген сүйіспеншілік» мағынасына қарағанда, «компанияға деген сүйіспеншілік» деген термин басым болды. Ал кейбір азаматтар үшін бірінші орында жұмыс істейтін компаниялары маңызды болып тұр.