Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Түркияда ораза айтта қоғамдық көлік пен жолдар тегін

Түркияда ораза айтта қоғамдық көлік пен жолдар тегін

Түркиялықтар үшін Ораза айтта мемлекеттік көпір, қалааралық жолдар мен қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті шешім ресми газетте жарияланды. Дүйсенбіден бастап барлық мемлекеттік мекемелер мен мектептер жұмыс істемейді. Исі мұсылман жұрт екі жыл араға салып, Ораза айтты карантин ережелерінсіз қарсы алмақ. Айта кетерлігі, Ораза айт Анадолыда 2-4 мамыр күндері аталып өтілмек. Дегенмен алдағы күндерде түрік билігінің 9 мамырға дейін мейрамды ұзартуы мүмкін деп күтілуде. Бұдан бөлек, айт мейрамы, туризм саласының кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндік. Бұл күндерде, ел халқы ішкі туризмді жандандырып, басқа қалаларға көш етеді. Жергілікті ақпарат көздерінің айтуынша, Ақтеңіз жағалауындағы қонақүйлер 100% толған.







27 сәуір 2022 ж. 1 097 0