Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ораза ұстағандарға дәрігерлік кеңес

Ораза ұстағандарға дәрігерлік кеңес

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ораза ұстағандарға дәрігерлік кеңесін берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің айтуынша, жүкті әйелдерге, бала емізетін әйелдерге, қарт адамдарға, жеті жасқа толмаған балаларға, жауынгерлер мен психологиялық жұмыста шешім шығаратын қызметкерлерге, сондай-ақ, қант диабеті, гипертония, инсульт секілді сырқаттарға шалдыққан адамдарға ораза ұстамаған жөн екен.

"Асқазанның, ішектің жаралары, гастрит, созылмалы дертке шалдыққандарға ораза ұстауға болмайды. Дәрігермен міндетті түрде кеңесу керек", – дейді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол таңғы және кешкі тамақтану кезінде неғұрлым жеңіл ас ішу керектігін де ескертеді. Ораза кезіндегі тамақ 20 сағат бойы адамның ағзасына қуат беріп тұру керек. Шөлдемеу үшін, калорияға бай тамақ тұтыну қажет. Мұндай тамақпен су денеден баяу шығарылады. Яғни, сұлы тағамдары, бұршақ, бүтін дәнді ұннан жасалған тағамдарды пайдаланған абзал. Ал майдың мөлшерін екі есе азайтқан жөн. Тамақты зәйтүн майымен дайындаған пайдалы болады. Ораза кезінде тәтті тағамдардан, газдалған сусындардан бас тарту қажет екен.

Еліміздің бас санитары дұрыс тамақтанудан бөлек ұйқыға да мән беру керектігін айтты.
13 мамыр 2019 ж. 1 267 0