Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістан цифрлық валютаға көшеді

Үндістан цифрлық валютаға көшеді

Биыл Үндістан цифрлық валютасын айналымға енгізеді, деп хабарлайды 24.kz.

Осы елдің қаржы министрі Нирмала Ситараманның айтуынша, жаңа үлгідегі валюта экономикаға соны серпін беріп, валютаны басқарудың тиімді әрі арзан жүйесін қалыптастырады. Ал одан түсетін пайдаға 30 пайыздық салық салынбақ.

Қазір бұл заң жобасын Үндістанның Орталық банкі қарастырып жатыр. Бұған дейін Қытай да цифрлық юань шығаратынын мәлімдеген еді. Үндістан мен Қытай алпауыт елдердің арасында бірінші болып мұндай шешім қабылдап отыр. Сондай-ақ Франция, Канада, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Уругвай цифрлық ақша жасауға кірісті. Бұл қатарда біздің ел де бар. Былтыр Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық жобаны қолға алды. Ал оны айналымға шығару ісі 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін шегерілді.

Айта кетейік, цифрлық теңге қолма-қол ақшаны алмастыруға арналмаған. Мамандардың пайымдауынша, осы арқылы барлық операция мен транзакцияны бақылап отыруға мүмкіндік туады. Яғни, қаржы жүйесі барынша ашық болады.

04 ақпан 2022 ж. 763 0