Өкпе дронмен жеткізілді

Трансплантацияға қажет ағзаны 15 келілік ұшатын құрылғы Канаданың Торонто қаласындағы бір ауруханадан екінші ауруханаға апарды. Науқасқа қажетті өкпе арнайы мұздатқышқа салынады. Оны дрон 6 минутта жеткізген. Бұл көлікке қарағанда 2 есе жылдам. Ғалымдар бұл шараға 2 жыл дайындалып, ондаған сынақ жүргізіпті. Өкпені ауыстыру операциясы да сәтті өткен. 60 жастағы науқас өзін жақсы сезінеді.
Пікір 2