Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар сыр шертеді

Жұлдыздар сыр шертеді

23 қазанға арналған жұлдыз-жорамалды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі ұсынады.
Тоқты
Жұмыста белсенді болыңыз. Әрдайым өз пікіріңізді білдіріп отырғаныңыз жөн. Бірақ ұрыс-керістен бойды аулақ ұстаңыз.

Торпақ
Бүгін шешім қабылдауыңыз өте қиын. Осыған қарамастан, өзіңізді қолға алып, ойланып, іс-әрекет еткеніңіз дұрыс.

Егіздер
Бүгін біраз істе бастамашы боласыз. Барлығы сізден ақыл-кеңес сұрайтын болады.

Шаян
Бүгін тәуелсіз болуға талпынасыз. Іскерлік әлемінде жолыңыздың болғанын қалап, ол үшін қолдан келгенше аянбайсыз.

Арыстан
Егер саяхаттап жүрсеңіз, сенгіштік қасиетіңізді кейінге ысырып қойыңыз. Ешкімге сыр алдырмаңыз.

Бикеш
Барлық мәселеңізді жақындарыңызға айтудың қажеті жоқ. Олардың өздерінің де мәселесі жетіп артылады.

Таразы
Бүгін сөзге шешен болып, өзіңіздің сөзіңізге кімді болса да сендіре аласыз. Егер бүгін жаңа іс бастасаңыз жолыңыз болады.

Сарышаян
Асықпаңыз. Жұмыста да, жеке өміріңізде де шешім қабылдауға еш асықпаңыз. Алдымен жоспар құрыңыз.

Мерген
Бүгін көңіл-күйіңіз керемет. Ешкімнің сөзі сіздің шат-шадыман күйіңізді өзгерте алмайды. Осы сәті бағалаңыз.

Тауешкі
Бүгін эмоцияға жол бермеңіз. Өз көңіл-күйіңізді өзіңіз түсірмегеніңіз жөн. Егер сіз ашулансаңыз, жақындарыңыздың да мазасы болмайды.

Суқұйғыш
Өз ісіңізді айналаңыздағы адамдарға көрсету немесе оның жүргізілу барысын түсіндіру қиынға соғады. Сондықтан сабырлы болыңыз.

Балықтар
Бүгін сүйіктіңіз сізді ешқайда жібергісі келмейді. Өзгелерден қызғанып қалуы да мүмкін. Оған түсіністікпен қараңыз.

23 қазан 2019 ж. 2 370 0