2018 жылы жүргізушілерге жарық беретін кеудеше кию міндеттеледі
Ресей билігі жол ережесіне бірқатар өзгерістер енгізді. Онда елді-мекеннен тыс жерде жол жиегіне тоқтаған кезде, көлік иесі жарық беретін куртка немесе кеудеше киюі міндеттеледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
ria.ru сайтының жазуына қарағанда бұл ереже 2018 жылдан бастап күшіне енеді.
"Бұл ұсыныс 2018 жылдың 17 наурызында министрлер кабинетінің шешімімен күшіне енетін болады. 2017 жылғы статистикаға қарағанда Ресей жолдарының бойында соңғы 6 айда түнгі мезгілде 7,5 мың оқыс оқиға тіркелген. Мұның барлығы жаяу жүргінші мен жол бойында тоқтаған жүргізушілердің қатысуымен болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға аз, дегенмен осының салдарынан 1321 адам қаза болып, 6537 адам жарақат алған" - деп жазады сайт.Сонымен қатар жол бойында тұрған жүргізушілерге қатысты соңғы 6 айда 66 жол апаты тіркелген. Басты себеп жүргізушілердің жарық беретін күртешелерді пайдаланбауынан туындаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 4,8 пайыз жоғары.
Дамыған елдерде, әсіресе Еуропа елдерінің жолдарында жол жиегіне қандай бір жағдаймен тоқтаған көлік иесі әуелі сыртқа шықпас бұрын жарық беретін кеудешені киеді. Бұл ең бірінші жүргізушінің өз қауіпсіздігі үшін керек.
Пікір 3