Бүгін Қызылорда облысының 85 жылдығы және «Алтын дән – 2023» мерекесі аясында ветеринариялық ұйымдарға 30 қызметтік автокөлік, облыс шаруашылықтарында жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген еңбек адамдарына демеуші кәсіпорындар тарапынан 17 автокөлік табысталды....
Бүгін «Алтын дән-2023» дәстүрлі іс-шарасында аймақтағы егін жинау науқаны қорытындыланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев дала еңбеккерлерін құттықтап, ала жаздай еңбек етіп, қамбаны күрішке толтырған шаруалардың адал еңбегін жоғары бағалады....
Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен республикалық штаб отырысында өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту мәселесі қаралып, тиісті тапсырмалар берілді. Жиында Үкімет басшысы инвестиция тарту бойынша көрсеткіші жақсы өңірлердің қатарында Қызылорда облысын да атап өтті....
Биыл республикада 45 аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады. Пилоттық негізде бастау алған сайлау жергілікті мәслихат шешімімен Қызылорда облысында Шиелі және Сырдария аудандарында өткізіледі....
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады....
Қытаймен визасыз режим ағымдағы жылдың 10 қарашасынан бастап жұмыс істей бастайды. Дәл осы күні визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енеді....
Парламенттік тыңдауда баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылғанын мәлім етті....