Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер пайлары иелерінің «бірыңғай тізілімі» құрыла ма – Смайыловтың жауабы

Жер пайлары иелерінің «бірыңғай тізілімі» құрыла ма – Смайыловтың жауабы

Премьр-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының жер пайлары иелерінің «бірыңғай тізілімін» құруға қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңның 23-бабына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері серіктестіктің құрылтай шарттарында көрсетіледі және коммерциялық құпия болып табылады . Айтылғандарды ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер пайлары иелерінің «бірыңғай тізілімін» құру мүмкін емес», – деді Үкімет басшысы жауабында.

Ә.Смайыловтың атап өтуінше, Жер кодексінің өтпелі ережелерін іске асыру аясында шартты жер үлестерінің (ШЖҮ) бұрынғы иелері 2005 жылдан бастап ШЖҮ-ге құқығын іске асыру тәсіліне қарай жер учаскелерінің меншік иелері (жер пайдаланушылары) немесе шаруашылық субъектілерінің қатысушылары мәртебесіне ие болды. Нәтижесінде, 2005 жылы жер үлестері институты өзінің қолданысын тоқтатты және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңмен Жер кодексінің өтпелі жағдайы алынып тасталды.

«Бүгінгі таңда ШЖҮ меншік иелері жер учаскесіне құқықтарды шаруа қожалығын дербес (бірлесіп) жүргізу жолымен не шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде іске асырады. Осыған байланысты қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу талап етілмейді», – деді Премьер-Министр.

Фото: pexels.com
20 қазан 2023 ж. 183 0