Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елшілер Қызылорданың әлеуметтік нысандарымен танысты

Елшілер Қызылорданың әлеуметтік нысандарымен танысты

Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов Қызылорда қаласына келген Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің елшілерін өңірдегі бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандардың жұмысымен таныстырды.

Алдымен «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Академияға бір мезетте 500, тәулігіне 3 мыңға дейін оқушы келеді. Олар бассейнде, топтық жаттығу бөлмелерінде, көркем гимнастика және фитнес залдарында жаттығады. Балалар бейіміне қарай үстел ойындарына, жекпе-жек, кескіндеме, сурет салу, resin art, шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер үйірмелеріне қатысады.

Бұдан бөлек, елшілер Президент саябағында болды. Бүгінде саябақ аумағы қарқынды құрылыс алаңына айналған. Қайта жаңғыртуды Alem Qurylys AQ серіктестігі қолға алған. Жобаға түзету енгізілген соң мұндағы құрылыстар қатарына 300 орындық балалар лагері мен қысқы бақ қосылған болатын. Бірнеше нысан мен қоғамдық кеңістіктер салынуда. Атап айтқанда, аллея, субұрқақ, амфитеатр, спорт және би алаңдары, балалар ойын алаңдары, workout пен демалыс аймақтары. Сонымен қатар фудкорт, теннис үстелдері, айналмалы дөңгелек аттракцион, тамақтану орындары, велосипед және жүгіру жолақтары бар. Бұдан бөлек сахна, сарқырама каналдары мен олардың үстінен өтетін көпірлер, шахмат, баскетбол және футбол алаңдары да салынуда. Ботаникалық бақ аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Абаттандырылатын жалпы аумақ 2,41 гектар, бақ ішіне Оңтүстік Африка, Оңтүстік және Орталық Америка, Қытай, Жапония, Мадагаскарда өсетін жасыл желек отырғызылады. Балалар лагері 6,02 гектарға орналасып, оның аумағында әкімшілік ғимарат, іс-шараларға арналған ивент-аймақ, 4 тұрғын корпус, қонақүй үлгісіндегі шағын ғимарат, 5 дәстүрлі киіз үй, ашық бассейн, стадион, футбол алаңы, сахна, өзге де демалыс және техникалық нысандар болады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: видео скрин 
22 ақпан 2026 ж. 38 0