Сыр елінде батагөй қариялар көп. Солардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров. Аузы дуалы ақсақалдан бата алғандардың қатарында бала да, шаға да, кәсіпкерлер де, атқамінер азаматтар да бар....
Зұлмат соғыстың кесірінен талай боздақ қыршынынан қиылды. Қияметке толы қилы кезең әр отбасыны қара жамылтқаны белгілі. Бір үйден бірнеше адам майдан даласына аттанып, хабар-ошарсыз кетті. Адамзат баласына қырғидай тиген сұм соғыс аяқталып, ұлы жеңістің туы желбірегеніне биыл 75 жыл. «Отан үшін отқа түс,...
Зұлым фашизмнің адамзат баласына әкелген қасіреті қанша уақыт өтсе де аға ұрпақ жадында жаңғырып тұр. 1941 жылдың 22 маусым күні таңсәріде тұтқиылдан басталған соғыс үздіксіз 1418 күнге созылды. Екінші дүниежүзілік соғысқа кеңес одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да...
Демеушілердің қолдауымен еңбек ардагерлерінің, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, көп балалы отбасылардың мекен жайына аудандық газетті жаздыру жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Ардагерлерге құрмет көрсету арқылы басылымға қолдау білдіруге ниетті азаматтардың бүгінде өзіндік шоғыры қалыптасты деп айтуға толық...
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті «Ақмешіт – адалдық алаңы», арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне, атап айтқанда мемлекеттік сатып алу жоспарларында...
Елімізде Төтенше жағдай мерзімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен айдың аяғына дейін ұзартылды. Қазіргі таңда аудан орталығында қоғамдық тәртіп қолға алынып, күнделікті рейд жүргізілуде. Барлық елді мекендер мен Тереңөзек кентінің кіреберіс қақпасына бақылау пункті қойылып, мамандар...
Мен бұл әңгімені жазбауым керек еді... Үн-түнсіз ғана бәрін еңсерген едім ғой. Өзімді үнсіз ету үшін бәлкім, бұл дүниедегі ешбір әйел заты басынан кешпеген зобалаңға мен ғана төзген шығармын. Ал, енді әңгіме тиегін әбден ағытпақшымын. Шындығына келгенде, жүрек түкпіріндегі құпия сырыңды жұртқа жайып салудың...
– Жалғызы ғой, – деді Мұхамедия Әлінің бетіне қарап. – Иә, – деп күрсінді Әлі. Екеуі Жүрсіннің үйіне қарай асықпай аяңдап келеді. Сол қаралы үйдің маңы қара-құрым жұрт. Кіріп-шығып жатқан осы ауылдың адамдары. Естуінше, Жүрсіннің жалғыз ұлы ауыл іргесіндегі зираттың тұсынан мотоциклмен ызғытып келе жатып...