Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны 2 есе азайды

Қазақстандық балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны 2 есе азайды


Бүгінгі күні қазақстандық балалар үйінде 6223 бала тәрбиеленуде, 8 жыл бұрын бұл сан 15 мыңнан асатын еді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР БҒМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда балалар үйінің желісі қысқарып, жылдан жылға онда тәрбиеленуші балалар саны азайып келеді. Бұл халықаралық тәжірибеге негізделген ұзақ мерзімді саясатпен тікелей байланысты.
БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің балалар үйлері санының өсуіне жол бермеу және балаларды онда соңғы немесе уақытша шара ретінде орналастыруға байланысты ұсынымдарына сәйкес Қазақстанда әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және балалар үйлерін қайта институттандыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.
Елбасының тапсырмасына сәйкес отбасылық орналастыру формасын қолдануды кеңейту бойынша құқықтық механизмдерді қалыптастыру жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Нәтижесінде 2009 - 2017 жж. аралығында балалар үйлері тәрбиеленушілерінің саны 15 116 адамнан 6 223 адамға дейін, яғни 60%-ға қысқарды. Балалар үйлерінің желісі 213-тен 137-ге дейін, яғни 35%-ға азайды. Олардың 49-ы отбасы үлгісі бойынша жұмыс істейді. 2017 жылдың басынан бастап 22 баланы қабылдаушы отбасы құрылды, отбасы құрылымының
4 формасы – асырап алу, патронат, қорғаншылық, баланы қабылдаушы отбасы заң жүзінде бекітілді және оларды мемлекет қаржылай ынталандырады.
2017 жыл ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық формаларын дамытуда өзгерісті кезең болды. Республикалық жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар банкі жұмыс жасай бастады. Балаларды өз отбасыларына қабылдағысы келетін азаматтар үшін бюрократиялық кедергісіз, қысқа уақытта өздері балаларды таңдап алу мүмкіндігі туды. Тек 2017 жылдың басынан бастап банк арқылы 394 бала асырап алынды және отбасыларын тапты, 2437 бала қорғаншылыққа, 219 бала патронаттық тәрбиеге берілді. Бұл сөзсіз тиімді механизм болашақта қандай да бір себептер бойынша ата-аналарымен тұра алмайтын балалардың барлығын дерлік отбасыларға уақытша немесе кәмелеттік жасқа толғанша ұзақ мерзімге орналастыруға мүмкіндік береді.
Тағы да бір жағымды жағы бар. Өткен жылы ұйымның жаңа үлгісі – қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы енгізілді. Оның балалар үйінен басты ерекшелігі – баланың кез-келген жағдайда жан-жақты әлеуметтік қызметтер кешенін алу мүмкіндігі бар. Орталықта басты күш баланы биологиялық отбасында сақтауға жұмсалады және балаларды ата-аналарына қайтару мүмкін болмаған жағдайда ғана бала үшін отбасыны таңдау жұмысы жүргізіледі.
Бүгінгі күні облыстық орталықтардан алыс орналасқан елді-мекендердегі ірі интернат үлгісіндегі балалар үйі, пана үйлері базасында осындай орталықтар ашуға мүмкіндік бар. Ол балаға қандас туысқандарымен байланысты сақтау құқығын және кәмелеттік жасқа толған соң әрі қарай өмір сүру және жұмысқа тұру мәселелерін шешуге, тұрғылықты жері бойынша үймен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді.
Балалар үйлерін трансформациялау, дамыту, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық формаларын жетілдіру процесінде маңызды рөлді үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер ойнайды. 2016 жылдан бастап ҚР БҒМ «Отбасы Академиясы», «Жанұя», «Ана үйі» қоғамдық қорларымен бірлескен меморандумдар аясында Алматы және Астана қалаларында Отбасыларды қолдау орталықтары құрылды, олардың екеуі балалар үйлерінің базасында жұмыс істейді.
Пилоттық жобаның мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметтер сапасын арттыру, ерте кезеңде отбасылық сәтсіздіктің алдын алуға мүмкіндік беретін, қиын өмір жағдайындағы отбасылар мен балаларға кәсіби психологиялық, әлеуметтік және заңды көмек көрсету бойынша бағдарламаларды әзірлеу.
Пилоттық жобалар аясында қиын өмір жағдайындағы отбасылар мен балаларға психологиялық, заңгерлік және әлеуметтік қолдау бойынша қызметтер, интернаттық мекемелердің әлеуметтік педагогтарын, психологтарын жұмыстың жаңа формалары мен әдістеріне оқыту жүзеге асырылады, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына қабылдауға тілек білдіруші тұлғаларды дайындайтын Балаларды қабылдаушы ата-аналар мектебі құрылды.
«Бала отбасында өмір сүруі тиіс» қоғамдық қозғалысы қатарынан үшінші жыл Алматы, Астана қалаларында, Қарағанды, Павлодар облыстарында тәлімгерлер ретінде еріктілерді тарту арқылы балалар үйлерінің түлектеріне әлеуметтену мен еңбекке бейімделуге практикалық көмек көрсету бойынша
130 баланың қатысуымен «Тәлімгерлік» жобасы табысты жүзеге асырылуда. Жоба басталған уақыттан бастап 842 өтінім келіп түсті. Қостанай облысында «Асыл ана» үкіметтік емес ұйымы жобаларының бірі балалар үйлері мен интернаттар түлектеріне арналған Интернаттан кейінгі қолдау және дамыту клубын ашу болып табылады.
Қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына 2013 жылы енгізілген түзетулерге сәйкес жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен тең құқыққа ие болды. Бұл тек 2014-2017 жылдардың өзінде ғана осы санаттағы 4459 балаға өз үйінің иесі болуға мүмкіндік берді.


18 ақпан 2018 ж. 8 716 744

online pharmacies canada от 15 маусым 2020 16:55

canadian pharcharmy online от 15 маусым 2020 16:57

canadian pharmacy от 15 маусым 2020 16:59

online pharmacies canada от 15 маусым 2020 17:03

canadian pharcharmy online от 16 маусым 2020 01:22

canadian pharmacies online от 16 маусым 2020 05:41

canadian pharmacies от 16 маусым 2020 07:32

online pharmacy canada от 16 маусым 2020 07:58

canadian pharmacies online от 16 маусым 2020 12:27

ssnezpgaovud от 18 маусым 2020 13:00
online pharmacy canada viagra india pharmacy viagra canada generic viagra generic viagra canada pharmacy viagra viagra canadian online pharmacy cheap viagra canada pharmacy viagra what does viagra do buy viagra without a prescription Viagra Viagra viagra canada online pharmacy canadian pharmacy for viagra cialis canadian pharmacy viagra cialis Viagra viagra Viagra Viagra

MarieCixhcvunkrmnf от 18 маусым 2020 14:57
cialis from mexican pharmacy generic cialis without a doctor's prescription online doctor prescription cialis website tadalafil 5 mg by cialis without prescription cialis for men cialis from canada www cialis com cialis canada when does cialis go generic cialis mexico cialis soft buy cialis online us canadian pharmacy cialis best price on cialis 20mg order cialis cialis online canada sundrugstore.com cialis on canada cialis women generic cialis without a doctor prescription cialis cialis price cialis free samples

wczwdajoufek от 18 маусым 2020 19:02
drug stores in canada viagra viagra viagra online canadian viagra viagra cialis viagra cialis canada rx order viagra canada viagra Viagra generic viagra online in canada cialis viagra generic viagra online pharmacy what does viagra do viagra Viagra generic viagra online in canada cheap canadian viagra viagra order viagra without prescription

online pharmacies canada от 9 шілде 2020 03:25

online drugstore от 9 шілде 2020 10:19

canadian pharcharmy online от 9 шілде 2020 10:53

online pharmacy canada от 9 шілде 2020 15:12

online pharmacies от 27 шілде 2020 16:49