Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕКТЕП БІТІРГЕНДЕРІНЕ 10 ЖЫЛ БОЛҒАН ТҮЛЕКТЕР ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

МЕКТЕП БІТІРГЕНДЕРІНЕ 10 ЖЫЛ БОЛҒАН ТҮЛЕКТЕР ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Сырдария ауданына қарасты С.Сейфуллин ауылында мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған түлектер ауыл жастарына арнап кіші футболдан турнир ұйымдастырды.

Спортты серік еткен ауыл жастарына қолдау көрсету және бақилық болып кеткен сыныптастары Орынбасаров Елдос Бағдатұлын еске алу мақсатында өткен спорт додасына 6 команда қатысты.

Тартысты өткен турнирді ауыл тұр,ындары, №137 орта мектебінің ұжымы мен мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған түлектер көрермен ретінде тамашалады.

Турнирдің қорытындысында жүлделі орын иеленген командаларға қаржылай сыйлықтар беріліп, Алғыс хаттармен марапатталды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
31 мамыр 2018 ж. 10 452 1 330
Пікір қалдыру

Пікір 1 330