Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » «ЗАМАНАЙ» ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРСЕТІЛДІ

«ЗАМАНАЙ» ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРСЕТІЛДІ


 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің  сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің теологиялық  оңалту тобының ұйымдастыруымен мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының әртістері  «Заман-ай»  атты драмалық қойылымды ұсынды.
    Сахналық қойылымда асыл дінімізден безіп, жат ағымның жетегінде кетіп, Отаны мен ата-анасын, бауырларын тастап шетел асып кеткенде өздерінің адасқандарын түсінген қандастарымыздың өкінішке толы тағдыры  шынайы  бейнеленді
    Бүгінгі таңда еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – сол теріс ағым мәселесі. Түсініксіз түрлі діни ағымдар жастардың санасын жаулап, оларды жаман әрекеттерге итермелейді. Өкініштісі, мұндай оқиғалар өмірде көптеп болып жатыр. Осындай қауіпті дертің алдын алу үшін өмірлік жағдайды сахналау арқылы арқылы жастардың жүрегіне жол тауып, теріс ағымдардан аулақ болуға септігін тигізетін «Заманай» қойылымының жаза мерзімін өтеушілерге терең ой салғаны анық. Еліміздің қалыптасқан салт-дәстүрі мен тұрақтылығын бұзу жолында деструктивті діни ағымдардың  террористік және экстремистік идеяларының құрбаны болуының алдын алу мақсатында түзеу мекемесіндегі 300-ге жуық жаза мерзімін өтеуші азаматтарға  өткізіліп отырған театрланған қойылымның маңызы жөнінде айтып өткен аталған мекеме бастығы, әділет подполковнигі Т.Қалымбетов осындай игі шаралардың алдағы уақыттарда да жалғасы табатынын жеткізді.
    ЗК-169/5 мекемесінің
    мемлекеттік тілде аудармашысы   А.Бакирова
01 ақпан 2018 ж. 1 024 0