"Қымбатырақ төлейді": Мақпал Жүнісова тойдан қанша гонорар алады?
Мақпал Жүнісова той иелерінің өзіне көбірек гонорар беретінін айтты. Халық әртісі қуаныш иелерінің бұл әрекетіне не себеп болатынын да жасырмаған деп жазады "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, ол тек салиқалы той-томалаққа ғана барады екен.
"Мені тойғ,а шақырғанда, маған басқа әншілерге төлегендей төлемейді. Маған қымбатырақ төлейді. Өйткені, өздерінің сұрауы сол. "Сіз бір-ақ өлең айтып кетіп қалмаңыз. Екі өлеңнен кейін кетпеңіз. Сіз 6-7 өлең айтуыңыз керек" дейді. Соған байланысты ақшасы да басқа әншілерге қарағанда қымбатырақ.Мысалы басқа әншілер барып, бірнеше өлең айтып, келесі мейрамханаға барады. Күніне 3-4 мейрамхана аралайтын әншілерді білем мен. Олар енді жас әншілер ғой, жүгірген жақсы. Жасымызға байланысты бізге әрі-бері жүгіріп жүру де ыңғайсыздау", - деді Мақпал Жүнісова.
Еске сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әнші өзінің атын пайдаланып, той иесінен 3 мың АҚШ долларын алып кеткен танысы жайлы айтып берген болатын.
Сонымен қатар биылғы жылдың қаңтарында Астанадағы концерттердің бірінде Мақпал Жүнісованың бағалы тасы бар сырғасы мен әшекейін белгісіз біреулер ұрлап кеткен.