Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кір жуғышты іске қосып көрмеген: Баян Алагөзова 22 жасынан бастап үй қызметшісін жалдағанын айтып мақтанды

Кір жуғышты іске қосып көрмеген: Баян Алагөзова 22 жасынан бастап үй қызметшісін жалдағанын айтып мақтанды

Белгілі продюсер Баян Алагөзова бұрын үйінің жалдамалы қызметшісі болғанын, содан кейін үй шаруасымен айналыспайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Немишлен» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Продюсердың айтуынша, бала күнінде үйіндегілері оны құлша жұмсап, барлық жұмысты істеткен. Содан болар қазір Баян Алагөзова тіпті кір жуғышты іске қосып көрмепті. 22 жасынан бастап-ақ үй қызметкерін жалдаған ол қазір де жұмыскеріне көңілі толатынын айтты. Жексенбі күндері ерекше жағдайларда ғана таңғы ас жасайтынын да жасырмады Баян ханым. Ата-анасының үй шаруасын көп істеткені продюсерге кері әсерін тигізген көрінеді.

«Қазір үйдің жұмыстары анам, әпкем мен сіңілімнің мойынында. Бала күнімде үйдің жұмыстарымен көп айналысқандықтан, кейін келе қойып кеткен болармын. Отбасымдағылардың бәрі менің төбеме шығып алған еді. Мені тамақ жасауға, үй жинауға мәжбүрлейтін. Мен үйімнің тегін жалдамалы қызметшісі болатынмын. 22 жастан бастап үй қызметшісін жалдап, сол уақыттан бастап үй шаруасымен айналыспаймын», - дейді Баян Алагөзова.

02 мамыр 2019 ж. 871 0