Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Роза Рымбаева тұсауын кесті: Қайрат Әділгерей қызына арнап той жасады

Роза Рымбаева тұсауын кесті: Қайрат Әділгерей қызына арнап той жасады

Танымал актер әрі тележүргізуші Қайрат Әділгерей жақындарының басын қосып, дүркіретіп той жасады. Өнер иесінің ақ дастархан жаюына екі бірдей қуаныш себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz.

Қайраттың өзі 35 жасқа толса, қызы Айнамкөз 1 жасқа қадам басқан. Актер алғашқы туған күнінде салт-дәстүрге сай кенжесінің тұсауын кестірді. 

Мұндай жауапты істі Халық артисі Роза Рымбаеваға сеніп тапсырды.

Әділгерейдің тойына Баян Алагөзова күйеуімен бірге келді. Сондай-ақ, Асхат Тарғын, Жанар Айжанова, Ғазизхан, "Әзіл әлемі" және "Өнер қырандары" театрларының актерлері Қайрат пен Бақыттың қуанышына ортақтасты. 

Айта кетейік, Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман - әнші. Екеуінің екі қыз, бір ұлы бар.

04 сәуір 2019 ж. 1 555 0