Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тәуелсіз елдің жұлдыздары

Тәуелсіз елдің жұлдыздары

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың “ Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы арқау болып, жастар жылы аясында А.Тоқмағанбетов ауылы жанындағы мәдениет үйі “Тәуелсіз елдің жұлдыздары” атты ән үйір­­­месі мүшелері ара­сында аудандық балалар байқауын өткізді. Патриот­тық байқауда 11 қаты­сушы бақ сынады. Туған жер, Отан, Қазақстан ту­ра­лы тақырыптарға ән шырқаған қатысушылар кө­­­­рермен ықыласына бө­лін­­­ді. Байқау қорытындысы бойынша бесарықтық Қазына Жылқайдарова жеңімпаз атанды. Ән әлеміне енді ғана аяқ басқан балалардың өнерін тамашалауға арнайы келген шаруашылық директоры Меңдіғали Кеңесұлы демеушілік көрсетіп, барлық қатысушыларға қаржылай сыйлық жасады. Ұйымдастырушылардан “Алғыс хат” пен сыйлық табыс етілді.

Майя ҚОЖАБАЙ
27 сәуір 2019 ж. 1 105 0