Лидо төртінші баласын күтіп жүргенін айтып қойды
Әнші Лидо бірін айтамын деп бәрін айтты. Қыздарға тұрмыс құру мәселесіне келгенде асықпауға кеңес беріп, білгенімен бөліскен өнер иесі жеке басындағы жағымды жаңалықты жеткізді. Ол 37 жасында төртінші баласын күтіп жүргенін хабарлады, деп жазады Stan.kz.
Лидо тұрмысқа шығу мәселесіне келгенде асықпауға кеңес берді.
"Әр нәрсенің өз уақыты бар. Сол бір адамыңызды осы уақытқа дейін таба алмасаңыз, оған бола бас қатырмаңыз. Қазір қолда барыңызды бағалаңыз. Уақытыңызды өзіңізді дамытуға арнаңыз", - деп жазған Лидо.
Өнер иесінің бұл пікірімен кей оқырмандар келіспеген. Олардың бірі табиғат заңдылығы туралы айта келе, 30 жасқа дейін бала туған дұрыс екенін айтқан.
Оқырманына жауап берген Лидо аңдамастан өзінің жүкті екенін айтып қойды.
"Қазір жасым 37-де, жақында босанамын. Оның бәрі стереотип", - деп ағынан жарылды.
Айта кетейік, әншінің екі ұл, бір қызы бар. Лидо тұңғышын 27, екіншісін 30, ал үшіншісін 34 жасында босанғанын атап өтті.