Істі болған Гауһар Әлімбекова сот залынан ақталып шықты

Әншінің ісіне қатысты бүгінгі апелляциялық сотта судья ақтау туралы шешім шығарды.
"Әлімбекованың айыбы дәлелденбеді. Оның алты жылға берілген шешімі өзгертілсін. Ақталсын", - деді судья.
Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.
Ал арада бірнеше күн өткенде әнші қолхатпен бостандыққа шығарылды.
Өнер иесіне қатысты сот отырысы осы уақытқа дейін бірнеше рет өткізілген.