Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Олар "гей" емес: Алмат Сақатов Ninety one тобы туралы

Олар "гей" емес: Алмат Сақатов Ninety one тобы туралы

Кезінде "Бауыржан шоу" театры арқылы көпшілікке танылған актер Алмат Сақатов атышулы Ninety one тобы туралы пікір білдірді. Актер оларды жақтап сөйледі. Бұл туралы Stan.kz "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Ерболат не істеді? "91" тобын шығарды, ол топтың нендей кемшілігі бар? Олар "гей" емес. Олардың алабажақ киініп шыққаны ма, әлде сахнаға шығып, секіріп билегендері кемшілік пе? Бірінші білу керек.
Оларды жастар жақсы көре ма? Жақсы көреді. Неге? Менің балам да жақсы көреді. Ауылда жүрген, ақылды адам тәрбиелеп отырған адамның баласы да жақсы көреді. Ол жасқа арналған топ. Олар қазір шашын түзеп, орындарына келе бастады. Ол жасқа байланысты. 14-16 жастағы балалардың ішінде қайнап жатқан қарсылық бар. "Сенікі дұрыс емес" десе іштей менікі дұрыс деп революциялық қарсылық болады. Мен де сондай болғанмын. 18 жасымда құлағымды тесіп, былғары шалбар мен былғары етік киіп, шашымды бұйралап, жас кезімде сахнада жүргем", - дейді Сақатов. 
27 наурыз 2019 ж. 1 140 0