Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ БОЙЫНША СІЗ КІМСІЗ: ОТЫРЫСТЫҢ ГҮЛІСІЗ БЕ ӘЛДЕ ТАҚУА АДАМСЫЗ БА?

ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ БОЙЫНША СІЗ КІМСІЗ: ОТЫРЫСТЫҢ ГҮЛІСІЗ БЕ ӘЛДЕ ТАҚУА АДАМСЫЗ БА?

Жұлдызнама белгісі арқылы өзіңіз туралы білу өз қабілеттеріңізді жақсартуға көмектеседі. Өз табиғатымызды түсінген кезде анағұрлым табысты әрі бақытты болатынымыз анық.

Тоқты
Тоқты көшбасшы болса ғана топтың ойыншысы болуы мүмкін. Ол дос пейілді, жарқын әрі белсенді. Ол еш жерде қосымша адам ретінде отырмасы анық. Ол әрдайым бастама көтеріп, өз идеяларын ұсынып жүреді.
 
Торпақ
Торпақ басқа адамдардың арасында өзін өте ыңғайлы сезінеді. Жұлдызнама белгілерінің бұл өкілі қоғамда өзін қалай ұстауды біледі, жаңа топқа тез сіңеді. Торпақтар жалғыздықтан қорықпайды, топтың бір бөлігі ретінде болғанды қалайды. Бұлар әрдайым жақсы қабылданатын, құрметтелетін адамдар.
 
Егіздер
Егіздер – топтың жаны. Бұл жұлдызнама белгісіндегі адамдар жаңа таныстарды тез табады. Алайда олардың нағыз достары өте аз. Өз көңіл-күйлерінің өзгергіштігіне қарамастан, олар анағұрлым ашық әрі тіл табысқыш келеді. Бұлар өзгелердің арасында жүруді жаны сүйетін адамдар.
 
Шаян
Шаяндар — нағыз тақуалар. Олар үшін екі әлем бар. Олардың өз әлемі, оған жақын адамдары, жақсы көретін адамдары кіреді. Және сыртқы әлем, қажет кезде ол әлемге де шығып тұрады. Шаяндар оңаша қалғанда өздерін анағұрлым жақсы сезінеді, өйткені олар барынша талантты, үнемі айналысатын нәрсесі бар.
 
Арыстан
Арыстан - бұл тақуа болуға мүмкіндігі жоқ тұлға. Адамдармен араласу, назардың аууы арыстан үшін ауадай қажет. Осылай ол табиғи оптимизм мен өмірдің ләззатын сезіне біледі. Олар қоғамда өздерін мойындағанда ғана жақсы сезіне алатын адамдар. Олар үшін дұрыс адамдардың арасында болу маңызды.
 
Бикеш
Бикеш қоғамда қалай әрекет ету керектігін біледі, бұл өте ізетті әрі тіл табысқыш жұлдызнама белгісі. Көбіне көп өзімен-өзі қалғанды ұнататын белгі. Өйткені бикештер өз шаруаларымен ұзақ айналысқанды ұнатады. Бұлар үнемі әйтеуір бір нәрсемен қолы босамай жүретін жұлдызнама белгісі. Оларға онсыз да өмір қызық.  
 
Таразы
Таразы – топтың ойыншысы, ал кейбір кездері көшбасшыға айнала алады. Олар араласқанды жақсы көреді, оңаша қалуды аса ұнатпайды. Және де айналасында оптимист адамдардың болғанын қалайды. Күйзеліске түсуге бейім келеді. Таразылар үшін адамдармен араласу - еңсесі түспес үшін жақсы құрал.
 
Сарышаян
Сарышаяндар өзге адамдардың тобында өзін жақсы сезінеді. Негізінде бұлар да тақуалар. Олар бар болғаны белгілі бір мәселеде тұйықталып, өз әлемімен жүруі мүмкін. Әр сарышаянның оңаша қалғанда жасайтын ерекше дағдылары да болады.
 
Мерген
Мерген  - топтың ойыншысы. Олар топтың жанына айналып, оны тіпті басқаруы мүмкін. Олар адамдардың арасында өзін жайлы сезіне біледі. Ал оңаша қалса, көңіл-күйі мен табиғи оптимизмін жоғалтып алуы мүмкін. Оларды үнемі әр түрлі адамдар қоршап жүреді. Өзгелер мергендерге тартыла түседі.
 
Тауешкі
Ташешкілер - нағыз тақуалар. Қоғам алдында олар мейірімді, сәлемі түзу әрі тіл табысқыш көрінеді. Негізінде бұл адам өзімен-өзі оңаша болғанды қатты ұнататын адам. Оларға тіпті жалғыз істейтін жұмыс та ұнайды. Ал демалысқа келгенде ұзақ уақыт бойы өзін жоғалтып алуы мүмкін. Тауешкілерге өзінің тақуалылығын шамадан тыс қолдануға болмайды.
 
Суқұйғыш
Суқұйғыштар өзге адамдармен араласқанда әрі сөйлескенде ашыла түседі. Бұлар нағыз топтық ойыншылар. Олар үнемі топтың ортасында жүреді және басқа адамдар арасында байланыстырушы құрал тәрізді қызмет атқарады. Бұлар адамдармен қарым-қатынасты реттей алады. Суқұйғыш қарым-қатынас кезінде анағұрлым тиімді бола түседі.
 
Балықтар
Балықтар - тақуалар. Әдемі балықтар адамдарды жақсы көреді, алайда олар өздерінің ішкі әлемін ерекше жақсы көреді. Олар үнемі айналасынан бөлектеніп, сүйікті ісімен айналысқанды ұнатады. Бірақ бұлай болмайды. Оларды жақындары бұл қапастан көбіне алып шығып отырады. Балықтар бұл өмірде бізге өте қажетті, өйткені олар тума талант иелері.

Дереккөз: Клубер
04 желтоқсан 2018 ж. 1 260 0