Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жеке өмірінен пиар жасаған Арман мен Аша халықтың өзін кінәлады

Жеке өмірінен пиар жасаған Арман мен Аша халықтың өзін кінәлады

Ел ажырасты деп ойлаған Арман мен Ашаның құпиясы таяуда ашылды. Шығармашылығы тоқырауда болған жұлдызды жұп бар болғаны жаңа бейнебаянды жарнамалау үшін "хайп" жасаған. Алайда өздері мұны мойындамай отыр, деп жазады Stan.kz. 

"Бізде бәрі жақсы, бір-бірімізді қатты сүйеміз. Сондай-ақ кішкентай балапанымыз өсіп келеді. Біз бақыттымыз", - деп ағынан жарылды Арман Қоңырбаев "Гәкку" арнасына берген сұхбатында.
Ол Аша екеуінің арасында болған оқиғаны былай деп түсіндірді: 
"Жарты ай бұрын Аша екеуміз халықтың пікіріне қатысты мынадай нәрсе ойластырдық. Кейбірі бізді жақсы көріп жатса, енді бірі екеуің жараспайсыңдар деген пікірлерін білдіріп жатады. Осының барлығын оқи келе, екеуміз бәстестік. 
Біз бір-біріміздің Instagram парақшамыздан шығып кеттік, бірақ қарым-қатынасымызға қатысты ешқандай жаман сөздер айтқан жоқпыз. Әрі қарай адамдардың өзі түрлі ойларын жазып, жалғастырып кетті". 
Сөздеріне қарағанда, осы уақыт аралығында көпшілік оларға жағымсыз пікірлерді көптеп жазған. Үнемі жұрттан тек жылы сөз естіп үйренген екеуіне бұл ауыр тиген ұқсайды. 
"Өз басымыздан мұндай жағдай өтпегендіктен, біз үшін бұл ауыр тиді. Біз үшін осы аралық қиын кезең болды. 
Түрлі пікірге қарамастан, бастаған бәсекені аяғына дейін жалғастырамыз деп шештік", - дейді жұлдызды жұп.
Ақыр соңында бәсте Арман жеңіске жеткен. Оған себеп: 
"Бәстескен кезде мен халық бізді қолдайды, мейірімді деген жандардың қатарында болдым. Алайда бұл жолы Арман жеңді", - дейді Аша. 
"Өйткені Ашаға айтқанымдай, адамдар негативті жаңалықты жақсы көреді. Соған қызығып қарайды", - дейді Арман.
Жұлдызды жұп танымалдардың өміріне қатысты қандай да бір асығыс шешім қабылдаудан аулақ болуға шақырады. 
"Алдын ала болжам жасамаңыздар. Одан да біздің тарапымыздан айтылатын жауапты күтіңіздер. Біз жай әлеуметтік желіде бір-бірімізді оқымай, белгілі уақытқа дейін бірге түскен суретімізді салмай жүрдік. Әрі қарай оқиғаның желісін өздеріңіз ойлап таптыңыздар. Асығыс шешім қабылдамай, мейірімді болайық", - дейді Аша. 
23 наурыз 2019 ж. 1 215 0