Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Димаш Құдайберген 8 наурызға сый дайындап жатыр

Димаш Құдайберген 8 наурызға сый дайындап жатыр

Танымал әнші Димаш Құдайберген Инстаграмдағы парақшасында «Аққуым» әніне жазылған клипінің тизерімен таныстырды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«8 наурызға менен кішігірім тосын сый. Жуырда...», - деп жазған әнші клипінің үзіндісін қоса жариялады.

Айта кетсек, бұған дейін әншінің фан-клубтары Димаштың «Аққуым» әніне клип Украинада түсіріліп жатқанын хабарлаған болатын.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын аталмыш әннің сөзін Орал-Қосай Байсеңгір, әнін Аймұрат Мәжікбаев жазғанын хабарлаған болатынбыз.

«Ақтөбедегі мәдени ағарту училищесінде оқыдым. Ауылдан келген бозбаламын, ән де сол кезде жазылды. Алғашында сөзін де өзім жазып көргенмін, бірақ сәтсіз шыққан соң Орал досыма бардым. Қазір айтылып жүрген әннің сөзін жазып берген Орал. 2000 жылы  «Қош, махаббат» пьесасы сахналанды. Ән сол кезде орындалып, жастар арасына тез тарап кетті. Бұрын «Рауан» радиосында жиі беріліп келді. Ал Димаш Құдайберген Майра Мұхамедқызы дуэтпен орындады», - дейді әннің авторы Аймұрат Мәжікбаев.      



04 наурыз 2019 ж. 716 0