Ернар Айдар айына 10 миллион теңге табатынын жайып салды
Жақында ғана Мейрамбек Бесбаевпен дуэт орындаған Ернар Айдар тағы бір бейнебаян түсіріліміне кірісіп үлгерген. Соған қарап тыңдармандары әнші ақшаны күреп табады деп ойлауда. Бұл ретте хитмен айына қанша табыс табатынын жасырмай айтып берді.
“Біраз болып қалады. Бір айда 10 миллион табамын”, – деген Ернар кірісін мал басына шаққанда айына 12 жылқы деген нәтижеге келді.
Алайда Ернар табысты молынан тапқанымен, шығысының да шаш етектен екенін жасырмайды. Мәселен, әншінің сахналық костюмдерінің құны кемі 300 мың теңгеден басталады екен.
“Соған халықты үйретіп қойдық. Қара костюммен шығып деген сияқты, ондайды күтпейді. Қазір кемі сапалы ән шығару үшін 1500-2000 доллар кетеді. Бір ән 3000 тұрады. Бейнебаянның ең кемі 1 миллион шығар. Биім бар, жаттығуым бар, өзіме керек-жарақтар бар, айта берсек көп. Шығыс болмай, кіріс болмайды дейді ғой. Менде шығыс та бар, кіріс толық кіре алмай қайтып шығып кетіп жатыр”, – дейді Ернар.
Жақында Айдар өнердегі ағасы Мейрамбек Бесбаевпен бірігіп бейнебаян түсірді. Баянсыз махаббатты суреттейтін хикая көпшілікке бірден ұнады. Ал Ернар аталған клиптің шығынын толық өз мойнына алғанын айтады. Ол Бесбаевтан бір тиын да алмаған.
“Мен ағама бейнебаянның ақшасын төлеттіріп қоймаймын ғой. Ұсынысымды қабылдап, менімен дуэт айтып, уақытын бөліп, тығыз кестесінің ішінен маған түн жарымда уақыт тауып, түнгі сағат 3-ке дейін түсіргенбіз. Түн жарымда жұмыс істеп, әрі қарай Атырауға ұшып кетіп… Ондай дүниені ақшаға сатып ала алмайсың. Ол кісі “Ернар өте кішіпейіл бала, адамгершілігі ұнайды” деп үнемі айтып отырады”,- дейді хитмен.
stan.kz
Пікір 1