Роза Рымбаева: Димаштың даусындай мен бірде-бір еркекті естіген жоқпын

"Димаш ерекше әнші ғой. Ерекше құбылыс деуге болады. Себебі оның даусындай мен бірде-бір еркекті тыңдаған жоқпын. Оның даусы ер азаматтікінен бастап, жоғары сопраноға дейін кетіп қалады. Бұл табиғи құбылыс. Оған осындай ерекше дауыс, таңдай берілді. Сондықтан ол сонымен елді таңғалдырып жүр", - деп ағынан жарылды әнші.
Оған қоса, Роза Рымбаева той деңгейінен шығуға талпынбайтын отандық әншілерді сынға алды.