Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Мәдениет саласы – идеологияның негізгі тетігі

Мәдениет саласы – идеологияның негізгі тетігі

Мәдениет саласында қарбалас тіршілік ешқашан толастаған емес. Көпшілік мәдениет қызметкерлері тек сахнада концерт ұйымдастырып, байқаумен ғана айналысады деп ойлауы мүмкін. Алайда, бұл – қате түсінік. Құрылымдық жағынан бірнеше бағытты қамтитын аудан мәдениеті – идеологияның негізгі тетігінің бірі. Жақында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің кезекті алқа мәжілісі өтті.

Аудандық мәдениет және тілдер­ді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаеваның төрағалығымен өт­кен жиында бірқатар мәселе қаралды. Соңғы күндері орын алған кадрлық өзгерістер де таныс­тырылды. Атап айтқанда, аудандық орталықтандырылған кі­тап­ханалар жүйесінің директоры қызметіне Рүстембек Байділдаев, ал Қоғалыкөл ауылдық клубының меңгерушісі болып Елдос Жаппасбаев тағайындалды.

Жалпы алғанда, алқа мәжілісінің күн тәртібіне үш мәселе енгізілді. Алғашқы болып баяндама жасаған Сырдария аудандық мәдениет үйінің директоры Жасұлан Жәрменов облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбеттің тапсырмасымен аудан мәдениет үйлері мен клубтарына жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысын жа­рия­лады. Екінші мәселе бойын­ша аудандық мәдениет үйлері мен клубтарының 2025 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары жөнінде аудандық мәдениет үйінің әдіскері Айләззат Сүлейменова ақпарат берді. Тереңөзек кенті клу­бы­ның меңгерушісі Еркін Әбдіреев, Бесарық ауылдық мә­дениет үйінің директоры Маржан Дүйсенбаева, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №1 филиал кітапханашысы Ләззат Серікбаева, №2 филиал кітапханашысы Кен­жегүл Бодыбаева, №12 филиал кітапханашысы Айсұлу Медеуова жыл көлемінде атқарылған жұмыс­тар жөнінде баяндама жасап, негізгі басым-бағытты атап өтті.
Бұл ретте, бөлім басшысы Анар Қалдыбаева сөз сөйлеп, бірқатар түйткілді мәселенің шешімін тар­қатты.

– Мәдениет мекемелері – қо­ғам­ның рухани тәрбиесін қалып­тастыратын маңызды орта. Халық­тың мәдени іс-шараға қатысуын арттыру үшін іс-шаралардың жаңа форматын енгізу қажет. Биыл мәдениет үйлері мен клубтарда төрт мәрте зерделеу жүргізілді. Әр­­бір зерделеуден соң кемшіліктер сара­ланып, оны жою бағытында жұмыс атқарылып келеді. Әлеу­меттік желі – мекеменің айнасы. Сол себепті барлық мәдени іс-шара сапалы жарияланып, халыққа толық әрі ашық ақпарат ұсынылуы тиіс. Бұл қоғамның мәдени деңгейін көтеруге және жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға әсер етеді. Кітапхана саласының жұ­мысына ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Оқырман санын арттыра­тын тағылымды жоба­лардың өмір­шеңдігін арттырған дұрыс. Әр қыз­меткер өз ісіне білімін, білігін және жаңашыл идеясын қоса білсе, нәтиже де соғұрлым жоғары болады деп сенемін, – деді бөлім басшысы.

Алқа мәжілісінде мәдениет сала­сының бірнеше өзекті мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Әрбір мекеме басшысына нақты міндет жүктеліп, жергілікті өнерпаздарды дайындауды күшейту қажеттігі ескертілді. Алдағы жылдың жос­парлары сараланып, жаңа меже айқындалды.
Жиын соңында жыл көлемінде елеулі еңбегімен көзге түскен бір­қатар азамат марапатталды. Өз кезегінде Мәдениет саласының үз­ді­гі Сансызбай Сәдуақасұлы алқа жұмысын жоғары бағалап, әріп­тестеріне сәттілік тіледі.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

02 желтоқсан 2025 ж. 49 0