Ел қорғаны – Бауыржан
Шіркейлі ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы–батыр тұлға» атты портрет кеші кітапхана оқырмандарының қатысуымен өтті.
Мақсаты: Оқушыларға батыр бабамыздың ерлігі мен даналығын дәріптеу.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан. Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі–Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.1921 жылы бастауыш класты оқуға Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев пен Құрманбек Сағындықов сияқты тұлғалармен бірге оқыған.
Бауыржан Момышұлы–әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы, баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға.