Анкарада Бауыржан Момышұлы туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтті
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты қолбасшысы, әскери стратег және белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 111 жылдығына орай түрік ғалымы Ашур Өздемірдің «Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Іс-шараға түрік зиялы қауым өкілдері, қазақ және түрік студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында сөз сөйлеген Елші Абзал Сапарбекұлы биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы екенін және еліміздің егемендігін алғаш болып мойындаған бауырлас Түркияның орнының ерекше екеніне тілге тиек етті.
Осыған байланысты Елші Түркияда көптеген іс-шаралардың өткізілгенін еске салып, бүгінгі іс-шараның да тәуелсіздік мерейтойына және қазақтың біртуар батыры әрі жазушысы Бауыржан Момышұлының рухына тағзым және оның 111 жылдығына тарту екенін атап өтті. Абзал Сапарбекұлы мұндай іс-шаралардың мәдениет пен әдебиетті дамытуда ерекше орын алатынын және екі ел арасындағы бауырластықты одан әрі дамытатынын айтты.
«Бауыржан Момышұлы Кеңес одағы азаматы және Қызыл армия қолбасшысы. Дегенмен де ол өмір бойы ұлттық болмысын сақтап, ұлттық рухын биік көтеріп өткен өз халқының бел баласы. Сондықтан ол сол кезеңде жаппай қолданылатын – ов жұрнағын тегіне алмай, ұлы сөзін қолданып, «Момышұлы» тегін мақтанышпен алып жүрген нағыз қаһарман»,- дейді ол.
Шара барысында «Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы» атты кітабының авторы белгілі ғалым, түрік тілі мен әдебиетінің оқытушысы және аудармашы Ашур Өздемір Түркістанның жүрегі - Қазақстан мемлекетінің тарихына, оның мәдениеті мен әдебиетіне тоқталды.
Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Абай, Баласағұн сияқты ұлы даналардың мекенінде дүниеге келген Бауыржан Момышұлының кім болғаны, оның өмірі, соғыс кезіндегі бастан кешірген оқиғалары мен соғыстан кейінгі жазушы ретіндегі өмірі туралы кеңінен баяндады.
«Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы» атты кітап үш бөлімнен және соңғы сөзден тұрады.
Бірінші бөлімде Бауыржан Момышұлының отбасы, балалық шағы, мектеп шағы мен әскерлік өмірі, әскер соңындағы өмірі, бойындағы адами қасиеттері туралы баяндалады.
Екінші бөлімде Бауыржан Момышұлының түйген ой-пікірлері, қазақ әдебиеті туралы көзқарастары және әдеби аудармалар мен тілге және қазақ тарихына, отансүйгіштік және ұлтжандылық, ана мен отбасы туралы ой-пікірлері айтылады.
Сонымен қатар, бұл бөлімде коммунистік партия, коммунизм, Ленин мен Сталин, Кеңес одағы туралы батырдың ой-пікірлеріне орын берілген.
Үшінші бөлімде өмірінің әдебиетке байланысты көзқарастары, жазған шығармалары, әскери шығармалар, өлеңдері, мақал-мәтелдер, жазған хаттар, мақалалары мен газетке шыққан мақақалары, әскери естеліктері, саяхаттары, роман, оқиғалар, әңгімелері баяндалады.
Іс-шара барысында Б.Момышұлының өз даусымен түсірілген қысқаша деректі фильм көрсетілді. Жиналған қауым бұл фильмнен терең әсер алып, Бауыржан Момышұлын одан әрі тани түсті.