Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » Халық ақыны Қақпан Жиренбайұлының туғанына 160 жыл

Халық ақыны Қақпан Жиренбайұлының туғанына 160 жыл

Биыл халық ақыны Қақпан Жиренбайұлының туғанына 160 жыл толады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол «Қобыланды батыр», «Ер Қосай», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баянсұлу» эпостарын жинаушы және орындаушысы екенін көбі біле бермейді.

Жеті жасында шешек ауруына шалдыққан ақынның көзі көрмей қалады. Бұл оқиға оның шығармашылығына да әсер етті. «Атым Қақпан», «Ас бергенде», «Жарық дүние», «Елге сәлем» сияқты шығармаларда мүмкіндігі шектеулі адамдардың мұңы баяндалады.

«Жақсылық туралы», «Жамандық туралы» шығармаларында өмірдің ақ-қарасын айтып, «Жас туралы» толғауында адам өмірінің мәні сынды сұрақтарға жауап іздейді.

Фото: gov.kz

04 ақпан 2024 ж. 309 0