Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Туған жердегі кездесу

Туған жердегі кездесу

Аудандық газет­ редакциясында бір­неше жыл қызмет еткен­ Майя Қожабай жақында сазгер Сәкен Шынымовтың «Туған жердегі кездесу» атты әнін баспасөзде жариялауға ұсынған болатын. Бұл ән Шаған ауылына, нақтырақ айтқанда ауылдағы білім ордасын бітірген түлектердің 40 жылдан кейінгі кездесуіне орай жазылыпты. Біз жүзге жуық ән жазған сазгердің өзімен пікірлесіп, әннің мәтіні мен нотасын газетте жариялауды жөн көрдік. Ең маңыздысы, әннің сөзін жазған ақын Гүләйім Жотаева да, әнін жазған сазгер Сәкен Шынымов та – біздің Сырдария ауданының тумалары.

Туған жердегі кездесу

Туған жерім, бал күндерім, бақыт базарым,
Сенде өстім, сенен білдім өмір ғажабын.
Алыс кетсем сағынатын арман әнімсің,
Өзіңе арнап жүрегімнен ән-жыр арнадым.

Қайырмасы:

Ауылым – Ақ Шағаным,
Өзіңмен мақтанамын.
Кел, достар, кездесейік,
Жүздесейік... /2 рет/


Алтын ұям, маған ыстық менің мектебім,
Өтті талай қыс пен жазым, бала көктемім.
Көз алдымда ұстаздарым, бала достарым,
40 жылдың білмей қалдық қалай өткенін.

Қайырмасы:

Кел, достар, кездесейік,
Қалыппыз біз есейіп.
Еске алып жастық шақты,
Жүздесейік... /2 рет/
20 желтоқсан 2023 ж. 443 0