ТЕРЕҢӨЗЕГІМ ӘНІ
Биыл 90 жылдық мерейлі мерейтойын атап өткен серпінді Сырдария
ауданы бұрын "Тереңөзек ауданы" деп аталған.
Құт қонып, бақ дарыған мекенді атақты ақындар мен талантты сазгерлер өз шығармашылығына арқау еткен.
Бүгін Сіздердің назарларыңызға ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Төлепберген Тобағабылдың сөзіне жазылған сазгер, қазақ телевизиясының ардагері Кеңесбай Әбеновтың "Тереңөзегім" атты әнін ұсынамыз.
ТЕРЕҢӨЗЕГІМ
Сөзі: Т.Тобағабыл
Әні: К.Әбенов
Оңаша шығып бірауық,
Тасытып шабыт өзенін.
Өзіңе арнап жыр жазып,
Беремін Тереңөзегім!
Қайырмасы:
Еңбектен жүйрік ат мініп,
Елімді байтақ кеземін.
Сағынсам, саған шаттанып,
Келемін Тереңөзегім!
Аптабың жалын алса орап,
Оған да шыдап төземін.
Аязың сүйсе аймалап,
Көнемін Тереңөзегім!
Есіме сені алсам-ақ,
Елестер көзге өз елім.
Көшеңде сенің шалқақтап,
Жүрейін Тереңөзегім.
Қайырмасы: