Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Зерделі оқырман – Меруерт

Зерделі оқырман – Меруерт

Мемлекет және қоғам қайраткері  Темірбек Жүргеновтың қазақ мәдениеті мен өнерін қалыптастырудағы қажырлы еңбегін насихаттау барысында Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  «Тау тұлға – Темірбек Жүргенов» тақырыбында  эссе жазу  байқауын жарияланған болатын. Байқауға Қызылорда қаласы және аудан орталықтарынан бірнеше оқушылар  қатысты.

Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының  белсенді  оқырманы, № 132 Т.Айтбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Мерует Серікжанқызы осы байқауға қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

"Мерует  алғыр, көркем әдебиетті жақсы оқитын зерек қыз. Кітапханаға келген әрбір жаңа әдебиетпен танысып, өзіне керек жерлерін қойын дәптеріне түртіп жүреді.Барлық іс-шараларға да  белсене қатысып, өз зеректелігін байқатып отырады" – дейді жетекшісі, кітапханашы Сәуле Найзатаева.

Өз кезегінде зерек оқушы Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы  26 шығарма бойынша    «Оқитын өңір» республикалық онлайн байқауында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың  «Балалық шаққа саяхат» повесі бойынша эссе жазып «Зерделі оқырман» номинациясы  және смарт сағатпен марапатталды.

Сонымен қатар, осы байқауға  Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының тұрақты оқырмандары Нұрай Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша , Мерейлім Ыдырысова М. Әуезовтың «Көксерек»  әңгімесі, Аида Әбдірахман Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармасы  бойынша   қатысты. Барлық қатысқан оқырмандарға және жетекшісі, кітапханашы Сәуле Найзатаева "Алғыс хатпен" марапатталды.
27 қараша 2023 ж. 150 0