Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өзбекстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтті

Өзбекстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтті

Өзбекстанда Қазақстанның мәдениет күндері аясында Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Үлкен театр сахнасында «Абай» операсының көрсетілімі өтті. Тарихи туындыны Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының шығармашылық ұжымы ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 маусымда басталған бірқатар іс-шара «Абай» операсымен  салтанатты түрде қорытындыланды. Қойылымға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов барды.

«Бірнеше күн ішінде Өзбекстанның ірі қалаларында қазақстандық фильмдердің көрсетілімдері, артистеріміздің гала-концерттері және басқа да іс-шаралар өтті. Қазақстанның мәдениет күндерін «Абай» операсының көрсетілімі аяқтайды. Абай Құнанбайұлы - қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлем үшін даңқты тұлға. Абай әрқашан адамзат баласын сүюге шақырған. Осы қағидаларға сүйене отырып, біз өзбек әріптестерімізбен қарым-қатынасты нығайту бағытында жұмыс істейміз деп уағдаластық. Өзбекстан Республикасының мәдениет және туризм министрлігіне рухани қолдау көрсеткені және көмектескені үшін ерекше рахмет айтамын», деді ҚР Мәдениет және спорт министрі.

Министр Өзбекстанға жұмыс сапары аясында Ташкенттің бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштерін аралады. Бұл Төле би кесенесі және әлемдегі ең көне Құран қолжазбасы сақталған Хаст-Имам мешіті.

Сонымен қатар Асхат Оралов өзбек әріптесі Озодбек Назарбековпен екіжақты кездесу өткізді, онда екі елдің мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастығы талқыланды.
25 маусым 2023 ж. 237 0