Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КҮЙ ӨНЕРІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ

КҮЙ ӨНЕРІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ


Қазақ күй өнері ұлттық дәстүріміздің ажырамас бөлігі. Музыка саласына қоңыр үнімен із қалдырған асыл мұрамыз домбыра арқылы күй сарыны қалыптасты. Кезінде ата-бабаларымыз құндылық өлшемін түсірмей, күйшілік өнерді халық арасында кеңінен насихаттаған. Домбыра шанағынан шыққан әсем дауыс табиғат үндестігімен байланысып жатыр. Қолынан домбырасы түспеген қазақ күйшілері түрлі оқиғаларды, құбылыстарды, белгіленген дүниелерді ұштастырып, күмбірлете күй шерткен. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан өнеріміз әлі күнге маңыздылығын жоғалтқан емес. Қайта техникалық тетіктері жетіліп, өткен ғасырлардан келе жатқан күйлер жаңа сипатқа ие. Кәсіби біліктілікті арттыруда зерттеу еңбектер жазылып, кәсіби мамандар дараланып шығып жатыр. Әрқайсысы төл өнерімізді барлық тұрғыдан бағытын айқындап, мол мұраға иелік етуге күш жұмсауда.
Құлашын кеңге сермеген қазақ жұртшылығы руханияттың нағыз бөлшегі ретінде қабылдаған өнерді өмір салтына айналдырған кәдуілгі елдің ортасында болатын табиғи жағдайлар. Бұрындары Ұлы дала халқы он саусағынан күй төгілген майталмандарын ел ханымен қатар қойып, ең құрметті азаматтарға жатқызған. Аңызға бергісіз оқиғалар ел ауызында әлі күнге дейін айтылады. Ел ба­с­ы­­­­­на күн туғанда күй шеберлері халықты сабырға шақырып, көңілін аулауға тырысқан. Қыз бен жігіт арасында күй тартыс­тар сәнге айналып, өзегін жарып шыққан төл мәдениетіміз айшықты көрініске ие болған. Әйгілі күйшілер Мүсірәлі, Дәу­леткерей, Құрманғазы, Мәмен, Сейтек, Дина, Науша, Қалилардың ізін жалғағандардың қатары же­терлік. Дала сахнасынан ерекше қанаттанған тұлғаларымыздың қол­таңбасы анық қалғандығы мәлім. Осы ретте айтпағымыз қа­зақтың дарындылығына қай­ран қаламыз. Ұлттық өнерді дү­ниеге әкелген тұлғалар өмір сүрген тұста кәсіби оқыту орындары, болмағаны рас. Десекте, ше­берліктің нақ үлгісін көрсетіп, күйшілік дәстүрдің жойылып кет­пеуіне септігін тигізді. Әуесқой күй­­шілер қатары күрт өсіп, жүрген жерінде бар білгенін ортаға салады.
Бірте-бірте жылдар жылжып, дала сазының кәсібиленуіне ықпалды күш жұмсалды. Қазіргі таңда күйшілік дәстүрге жан бітіп, музыка ғылымының айқын құрамына кірді. Жергілікті әуез мектептерінде арнайы пән ре­тінде оқытылып, шебер мамандар шоғыры топтасты. Арнайы жо­­ғарғы оқу орындарын бітірген ұстаздар құндылығымызды құл­дыратпауға себепкер атанады. Осы орайда ау­дандық әуез мектебінің жанынан домбыра сыныптары жұмыс істеп, жеткеншіктерге күй өнерін үйретуде. Жақында аталмыш мек­­теп оқушыларынан құралған «Балауса» домбырашылар ан­самбілінің «Күй керуені» атты лекция концерті өткізілді. Шараға сала мамандары мен ардагерлері, ата-аналар, оқушылар қатысты.
Шымкент қаласында өткен бесінші «Жұлдызға жол» Рес­публикалық байқауының ІІІ орын иегерлері «Балауса» домбырашылар ансамблінің құрымында 14 оқушы бар. Бұлардың барлығы жекелей және топтасып шебер өнер көрсете алатындығын дәлелдеді. Концерт барысында ансамбль мүшелері «Янка», «Көрұғлы», «Көңіл толқыны», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Шығыс рапсодиясы», «Қара жорға» «Секіртпе» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Ансамбль жетекшісі Қуаныш Жүнісов шәкірттерін жан-жанты күй өнеріне баулып, машықтандыруда. Өз кезегінде ата-аналар мен сала мамандары ерекше лебіздерін білдірді.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
10 сәуір 2018 ж. 1 527 0