Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сырдариялық жас күйші республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Сырдариялық жас күйші республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы КММ, "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы" КММ, СҚО Ақжар ауданы әкімдігінің "Серпер" өнер мектебі МКҚК ұйымдастыруымен III Республикалық "Домбыра-дастан" дәстүрлі күй тартыс байқауы өтті.

Аталған Республикалық байқауға Қызылорда облыстық білім басқармасының, Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің "Сырдария ауданының өнер мектебінің" оқушысы Дінмұхамет Алмасұлы қатысып, Бас жүлде иегері атанды, жетекшісі Абылайхан Қилымханов.

Дінмұхамед бірінші турда Петропавл қаласының күйшісімен күй тартысқа түсіп, басым түсті.

Бірінші турда күйшілер Құрманғазы "Балқаймақ", Дәулеткерей "Жеңгем сүйер", Қазанғап "Құс қайтару", Халық күйі "Жайма қоңыр", М.Тналин "Наурыз", М.Әубәкіров "Өрлеу", Сейтек "Сексен ер" күйлерін орындады.

Екінші турда Дінмұхамед Жамбыл қаласының күйшісімен күй тартысқа түсіп, М.Тналин "Наурыз", Қазанғап "Құс қайтару", Құрманғазы "Балқаймақ" күйлерін орындап Бас жүлде иегері атанды.

Жас күйші Дінмұхамед Алмасұлы мен ұстазы Абылайхан Қилымхановты жеңісімен құттықтаймыз!
23 сәуір 2023 ж. 281 0