Өнерлі оқушы – байқау жеңімпазы
Гүлім Серік – №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы. Талантты оқушы өнер байқауларында бақ сынап, жеңімпаз атанып келеді. Жақында Гүлім халықаралық байқаудан жүлдемен оралды.
«Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлы дала ұрпағы» атты Ү республикалық байқаудың облыстық кезеңінде алдымен бақ сынаған өнерпаз оқушы үздіктердің қатарынан көрінді. Байқауда «Құтты ұя» әнін орындап, екінші орын жеңімпазы атанды. Гүлім арнайы сертификатпен марапатталып, халықаралық байқауға қатысуға жолдаманы жеңіп алды. Жас әншіні байқауға дайындаған музыка пәнінің мұғалімі Айнұр Ахметова халықаралық деңгейде өтетін байқауға тыңғылықты дайындық жүргізіп, нәтижесінде екінші орын жүлдесіне ие болғанын айтады.
– «Ана туралы» жыр атты халықаралық байқауды ұйымдастырған «Атадан мұра» қоғамдық қорына биыл 15 жыл толды. Байқауға Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген өнерпаз оқушылар қатысты. Гүлім Серік Құрманғазы атындағы консерваторияның концерттік залында өткен байқауда «Қасиетті елім» атты әнді орындады. Қазылар алқасының көңілінен шыққан өнерпаз байқаудан екінші орын алып, Сыр елінің атын шығарды. Алдағы уақытта осындай байқауларға қатысып, одан әрі талантын шыңдай түседі деген сенімдемін, – дейді ұстазы Айнұр Ахметова.
Үздік шәкірт дайындаған ұстазға да қоғамдық қордың атынан арнайы алғыс хат табысталды.
Сыр елінің кішкентай өнерпазына таудай талап тілейміз!

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ