Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өнерлі жастар би жарыста

Өнерлі жастар би жарыста

Сырдария аудандық жас­тар ре­с­урс­тық орталығы және Н.Ілиясов ауылдық округі әкімдігінің қолда­уымен Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйінде «Би – ұлт мәдениетінің биік шыңы» атты аудан­дық би байқауы өт­ті.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану әрі би өнеріне деген ынта-ықыласын сахнада көрсету мақса­тымен өткен байқауға ауданнан келген 10 топ қатысты.

Би топтарының арасында бұрын­нан өнерге машық­танған би ансам­білдерімен қатар, жаңадан құрылған жастар болды. Олардың қатарында көрермендердің қошеметіне бөлен­гендер де бар. Жастар кешіне ар­налған байқауға аудандық мәдениет үйінің хореог­рафы А.Асанова, аудандық жастар ресурстық орта­лығының кеңесшісі Н.Өтепбергенов және Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Ж.Шайзадаева қазылық етті.

Би – музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көр­сетілетін өнер. Сондықтан байқауды ұйымдас­тыру­шылар ең алдымен би өнерін жандандыру, би өнерін насихаттауды мақсат етті. Сонымен қатар би өнеріне деген жастардың шығармашылық қабілетін арттыру, дамуына қолдау көрсетуді алға қойды. Байқау шарты бойынша жастардан құралған би тобы заманауи бір би ұсынуы тиіс болды. Сондай-ақ би топтарында 5-6 бишіден кем болмау шарты қойылды. Сахна мәдениеті, костюмнің көркемдігі мен үйлесімдігі қазылардың назарынан тыс қалмады. Нәтижесінде, байқау талаптарын толық орындап, заманауи биді өз деңгейінде орындаған А.Тоқмағамбетов ауылдық округінен келген «Эверест» би тобы (жетекшісі А.Сансызбаева) бірінші орынды жеңіп алды. Екінші жүлделі орынды Тереңөзектік «Тұмар» би ансамбілі (жетекшісі Г.Өтебасова) еншіледі. Үшінші орынға Қоғалыкөлден келген «Golden girls» би тобы (жетекшісі Г.Жәнібекова) тұрақтады. Арнайы жүлдені байқаудың ең кішкентай өнерпаздары айдарлылық «Нұрай» би тобы (жетекшісі Ө.Есболатов) алды.

– Байқау шартына сәйкес бай­қауға өскелең ұрпақ тартылды. Әсіресе, ауыл жастарынан құралған команда болуына маңыз берілді. Бұрыннан сахнада өнер көр­сетіп келе жатқан би топтарының өнері, әрине керемет. Дегенмен бүгінгі жеңімпаз команда, шын мәнінде, арнайы топ құрып, заманауи биді сахнаға алып шықты. Олардың қатарында түрлі салада қызмет етіп келе жат­қан жас мамандар бар. Жалпы айтқанда, би – өнер, мәдениетіміздің көрінісі. Би – қозғалыс, онда тәрбиелік мән болуы шарт. Ерсі қимыл мен сахналық костюмнің ыңғайсыздығы өнердің дәрежесін түсіріп жібереді. Ал­дағы уақытта жетекшілері осыны ескерсе, – дейді хореог­раф А.Асанова.

– Бүгін республикаға белгілі Нағи Ілиясов ауылында жас­тар­дың басын қосып, үлкен мереке жасадық. Әр ауылдан келген өнерлі жас­тар киелі сахнада өнер көрсетті. Бір-бірімен таны­сып, ауылдың көрінісін тамашалады. Байқау болған соң онда жеңімпаз болады. Барлық топқа ынталандыру мақ­са­тында келіп қатыс­қандары үшін «Алғыс хат» тапсырылды. Өнерді бағалаған жастардың болашағы жарқын болсын, – дейді ауылдық округ әкімдігінің жас­тар ісі бойынша маманы Т.Айниязова.

Байқау жеңімпаздарына арнайы диплом мен бағалы сый­лық табыс етілді. Барлық қатысушы арнайы «Ал­ғыс хатпен» марапатталды.

Бибісара ЖАНӘЛІ
20 қыркүйек 2022 ж. 496 0