Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қазағымның қазынасы – домбыра

Қазағымның қазынасы – домбыра

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы №699 Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі ұлттық аспабымыз – Домбыра күні болып белгіленді. Жарлық ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыруды көздеді. Осы мерекеге орай Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінде мерекелік шара ұйымдастырылып, «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты көрмеге келуші көрермендерге таныстырылды.

Көрмеге музей қорындағы домбыралармен қатар ақын С.Ембергеновтың, Ж.Бекпембеттің қолданған домбыралары, қолөнер шебері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Ж.Маханбеттің кәде-сыйлық домбыралар коллекциясы және аудандық мәдениет үйі оркестрлері қолданған домбыра-контрабас және т.б домбыралар қойылды.

Шара барысында өнерпаз Амануллаев Төлеби «Сыр елі» әнін, кент мәдениет үйінің әдіскері Сағынбайұлы Ербол Адайдың «Сарыарқа», «Жұмыр қылыш», №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Шырынхан Ерсұлтан «Мереке үні», «Балбырауын» күйлерін орындап, көрермендер көңілінен шықты.


Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі

01 шілде 2022 ж. 592 0