Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Домбыра күніне орай көрме ұйымдастырылды

Домбыра күніне орай көрме ұйымдастырылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы №699 Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі ұлттық аспабымыз – Домбыра күні болып белгіленді. Жарлық ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыруды көздеді.

Осы мерекеге орай Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Домбыра – асыл қазына» атты көрме ұйымдастырылып, келуші көрермендерге таныстырылды. Көрмеге музей қорындағы домбыралармен қатар ақын С.Ембергеновтың, Ж.Бекпембеттің қолданған домбыралары, қолөнер шебері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Ж.Маханбеттің кәде-сыйлық домбыралар коллекциясы және аудандық мәдениет үйі оркестрлері қолданған домбыра-контрабас қойылды. Көрме барысында кент мәдениет үйінің әдіскері Е.Сағынбайұлы Адайдың «Сарыарқа» күйін орындап, көрермендер көңілінен шықты.
02 шілде 2021 ж. 799 0