Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Грузияда Абай ескерткіші ашылды

Грузияда Абай ескерткіші ашылды

Тбилиси төріне Абай ескерткіші орнатылды. Ашылу салтанатына Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық – даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен Грузияның Экономика министрінің орынбасары Геннадий Арвеладзе қатысты. Жиында 2 елдің арасындағы достық қарым-қатынас туралы келелі әңгіме қозғалды. Оның үстіне, биыл мерейлі жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бауыржан Мұхамеджанов, Грузиядағы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі:

– Биыл 2 елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толады. Бұл ескерткіш екі халықтың арасындағы достықтың рухани көпіріне айналып отыр.
Грузия қоғамында Абай сөзіне сұраныс жоғары. Былтыр ғана грузин тілінде шыққан Абай шығармаларының жинағы баспадан қайта жарық көргелі отыр.

Эрекле Макашвили, Тбилиси тұрғыны:

– Бұл ойшыл туралы мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінен естіп, білдім. 175 жылдыққа орай шыққан Абайдың кітабы кабинетімнің төрінде тұр. Толық оқып шықтым. Оның поэтикалық қуаты, философиялық ойлары қатты ұнайды. Ескерткіштің ашылғанына қуанып тұрмын.

Салтанатты рәсім соңы қазақ әні мен биіне ұласты. Тағы бір үлкен қуаныш, ескерткіш бой көтерген даңғылға да Абайдың есімі беріледі.




29 сәуір 2022 ж. 706 0