Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Онлайн концертте ән шырқады

Онлайн концертте ән шырқады

Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Jas Otan» Жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалы онлайн концерт ұйымдастырды. «Инстаграм» әлеуметтік желісінде өткізілген концертті облыс жастары мен әлеуметтік желі белсенділері тамашалады.

Концертте «Jas Otan» Жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің ұсынысымен сырдариялық жас әнші Динара Жакешова ән айтып, өнер көрсетті. Динара Жакешова бұл жолы орыс ұлтының «Огонек» халық әнін шырқады.

– Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, ауданымыздың атынан өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бүгінгі бейбіт күніміз, мамыражай тірлігіміз майдангерлердің арқасында келгенін білеміз. Жастар ардагерлерге әркез құрмет көрсетуі қажет деп есептеймін. Мерейлі мерекедегі біздің барлық өнеріміз жауынгерлерге арналады, – дейді Динара Жакешова.

«ТТ» ақпарат
12 мамыр 2021 ж. 442 0