Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Республикалық ақындар айтысы өтті

Республикалық ақындар айтысы өтті


Қызылорда қаласында республикалық ақындар айтысы өтті.

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен кіл жүйріктер жиналған Сырдағы айтыс аламанында республикаға танымал ақындармен қатар қызылордалық жас ақындар да сынға түсті, деп хабарлайды 
kyzylorda-news.kz.

Жыр додасының ашылу салтанатында арқалы ақындарға қала әкімі сәттілік тіледі.

«Қызылордада дәл қазір ұлттық өнердің, айтыстың, Тәуелсіздіктің дүбірлі тойы басталмақшы. Бұл айтыс Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған ауқымды шаралардың бастамасы болмақ. Ұлттық өнерге сусап қалған ағайынды рухани серпілтіп, жыр көрігін қыздырыңыздар», – деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Текті өнерді төрге оздырып, ұлт мұрасы ұлықталған жыр додасында құрдастар әзілі, жастық жалын, іні мен аға сыйластығы көрініс тапты.

Дүлдүлдер дүбірінің әділ бағасын жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, драматург Роза Мұқанова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолла және ҚР мәдениет қайраткері, ақын, режиссер-сценарист Оңталап Нұрмаханов берді.
Тәуелсіздік тағылымын жастардың санасына сіңіру, азат елдің жарқын жетістіктерін кеңінен дәріптеу, рухани бай мұраны, қасиетті Отанды жырға қосуды мұрат еткен айтыс қорытындысында ІІІ орынды павлодарлық Рауан Қайдаров пен қызылордалық Ержеңіс Әбдиев қанжығаларына байлады. Сөз бәйгесінің ІІ-орыны өскемендік Серік Қуанғанға бұйырды. Арқалықтан келген Алаштың аяулы ақыны Айбек Қалиев пен атыраулық ақын Шалқарбай Ізбасаров І орынды өзара бөлісті. Ақмешіттегі айтыс аламанында бас жүлдені Ақтаудан ат басын бұрып, Сыр жұртының алдында сәтті өнер көрсеткен Нұрлан Мұсаев иеленді.
07 ақпан 2021 ж. 781 1

Candice от 29 мамыр 2025 17:46
Great information, Appreciate it. casino en ligne fiable Many thanks. Loads of write ups. casino en ligne Many thanks. A good amount of posts. casino en ligne Nicely put. Many thanks. casino en ligne Valuable stuff, Kudos! casino en ligne Nicely put, Thank you! casino en ligne francais Beneficial tips, With thanks! casino en ligne Thank you. A good amount of advice! casino en ligne You've made your point. casino en ligne Great write ups With thanks! casino en ligne fiable