Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » Сырдариялық кітапханашы марапатталды

Сырдариялық кітапханашы марапатталды

Қазақстан Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жыл кітабына Қазақстанның Халық жазушы Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» шығармасы ұсынылды.

Осыған орай облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебеп-ғылыми кітапханасы «Жыл кітабын бірге оқимыз» атты облыстық кітапханашылар онлайн байқауын ұйымдастырды.

Байқауға Сырдария аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Р.Құлмаханова қатысып, байқау ережесіне сәйкес мазмұнды шығармаға жан-жақты талдау жасап, оқырман назарына ашып көрсете білді. Адамзат баласының рухани жан азығына айналған кітаптардың бірін насихаттаудағы белсенділігі үшін кітапханашы Раушан Құлмаханова «Алғыс хатпен» марапатталды.

"Тт" ақпарат
23 қазан 2020 ж. 669 0