Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Кітапханашылар арасындағы сайыс

Кітапханашылар арасындағы сайыс

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Сырдария аудандық орталық кітапхананың қолдауымен Нағи Ілиясов ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен әдеби викторина өтті.

Викторина ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясын насихаттау мақсатында «Абайды білмек парыз ойлы жасқа...» тақырыбымен онлайн режимінде ұйымдастырылды.

Іс-шарада ұлы ақын Абай Құнанбайұлының және жазушы Мұхтар Әуезовтың өнегелі өмірі, ақын мен жазушының даналығы, рухани асыл мұралары туралы мәлімет берілді.

«Абай және оның заманы», «Абай шығармашылығы – халық қазынасы», «Абай жолы – өмір шындығы, халық тағдыры» атты үш бөлімнен тұратын ойынға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханалардың кітапханашылары қатысты.

Викториналық ойын қорытындысында бас жүлдені Оралкүл Әлкенова (Іңкәрдария), бірінші орынды Кенже Сейтпанова (Жетікөл), екінші орынды Ақмарал Айқынбаева (Ақжарма), үшінші орынды Гүлзада Бұрқанова (Аманкелді) иеленді.

Бибісара ЖАНӘЛІ

14 қыркүйек 2020 ж. 1 092 0