Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Вайнерлер бақ сынады

Вайнерлер бақ сынады

ХХІ ғасыр – ақпарат заманы. Бүгінде Адамзат баласы жаңа дәуірдің демімен тыныстап келеді. Жаңа мың жылдықтағы ақпараттық технологиялардың күн санап қарыштап дамуы Өмірімізге көп өзгеріс әкелді. барлық салада жаңа терминдер пайда болды және оны көпшілік кеңінен қолданып келеді. соның бірі «Вайн» және «вайнерлер» ұғымы.
Вайн – қысқа әрі қызықты бейнероликтер. Ал сол бейнероликтерді тү­­сірушіні вайнерлер дейді. Жастардың арасында вайн түсіруге деген қызығушылық жоғары. Түрлі тақырыптар бойынша түсірілетін бұл бейнематериалдар қандай да бір мәселені қысқа уақытта нақты дәлелдермен тү­сінікті етіп жеткізуге бағытталады. Әлеуметтік желінің әлеуеті артқан тұста вайнерлер пайдаға да кенелуде. Себебі бұл елді елең еткізетін жарнаманың да бір түріне айналды.
Жақында аудандық мәдениет жә­не тілдерді дамыту бөлімі мен Те­реңөзек кенті клубының ұйым­дастыруымен «Best Vines» атты ау­дандық онлайн бай­­қау өткізілді. Аталған байқау екі кезеңнен тұрды. Бірін­ші кезеңде қатысушылар «Еріктілер жылы» аясында «Biz birge­miz» тақырыбына вайн түсірсе, екінші кезең еркін тақырыптағы материалдарын қазылар алқасына ұсынды. Онлайн байқауда барлығы 8 ұжым мен жеке қаты­сушы бақ сынады.
Білікті мамандардан құралған қазы­лар алқасының шешімімен I орынды С.Сей­фуллин ауылдық клубы иеленсе, II орынды Шаған ауылдық мәдениет үйі мен Теренөзек кенті клубы жеңіп алды. Ал III орынды Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі мен Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйі иемденді. Байқау жеңімпаздарына алғыс хат пен бағалы сыйлық тапсырылды.


Фатима МАРАТҚЫЗЫ 
13 маусым 2020 ж. 829 0