«Тұмар» тобы топ жарды
Соңғы жылдары ауданда балаларды би өнеріне баулитын өнер ұжымдары жемісті еңбек етіп келеді. Сондай өнер ордасының бірі – аудандағы әуез мектебі жанындағы би үйірмесінің «Тұмар» би ансамбілі.
Жақында «Тұмар» би ансамбілі І Республикалық «Uzdik_KZ_Talanttary» өнер және білім байқауында бас жүлде иеленді.
Ансамбльге хореограф Гүлшат Утебасова жетекшілік етеді. Ұстаздан бүгінде 55 өнерлі оқушы дәріс алады.
Бишілерді кәсіби тұрғыда дайындап, репертуарына ұлттық және заманауи билерді енгізген тұмарлықтар аудандық байқаулардан бастап, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық байқауларда да бақ сынады. Биылғы жылдың өзінде ансамбльдің үлкен тобы құрамында Алина Бахтиярова, Алмазия Бексейтова, Аружан Валерьева, Әлия Дүзімбетова, Ақбота Марданқызы, Айсұлу Маханбетова, Нурифат Мейрамбекқызы, Жаңылсын Омарова, Айзере Сабыржанқызы, Мереке Сабыржанқызы, Назым Серікболова, Ақерке Шерімхожа, Томирис Ернатқызы, Айтолқын Жолболдина, Жансая Жолболдина, Жания Астраханова, Асылзат Кенжебекова, Салтанат Жумабаева, Ханумай Нағмадулла, Айжан Сәтбай, Зарина Ибраева Арал қаласында өткен «Ұлттың ұлы мұрасы» атты халықаралық өнер және білім фестивалінің Алтын жүлде иегері атанды.
Сонымен қатар Гүлшат Утебасованың шәкірттері Қазақстан таланттары республикалық байқауында бас жүлде иегері атанып, келер жылы Алматы қаласында наурыз айында өтетін өнер фестиваліне жолдама алды.
Жақында осы байқауда ансамбль жетекшісі «Үздік хореограф» аталымына лайық деп танылды. Қасиетті Сыр елін, ұлы дариямен аттас Сырдария ауданын республикаға танытып жүрген тұмарлықтардың тамаша жетістігін жерлестері мақтаныш етеді.
Бибісара ЖАНӘЛІ