Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларды қараусыз қалдырмайық!

Балаларды қараусыз қалдырмайық!

Балаларды қараусыз қалдыру көбіне бақытсыз жағдайларға алып келеді. Ондай жағдайлар балаларды су айдындарына қараусыз жіберу, тұрғын үйлерде кішкентай бүлдіршіндерді қараусыз жалғыз қалдыруынан болып жатады.

Облыста су айдындары мен арналары көп шоғыр­ланған жерлердің бірі – Сырдария ауданы. Ауданымызда барлығы шамамен 50 су айдыны бар. Сырдария өзені, «Шіркейлі» каналы, Қалғандария өзені, «Майжарма» каналы, «Әйтек» каналы, «Айжанкет­кен» каналы және тағы басқа су айдындарында суға түсуге белгіленбеген орындар бар және суға түсу­ге тыйым салынады. Егер аталған су айдындарында суға түсіп жүрген ересек азаматтар мен балалар анықталған жағдайда, ересектерге, балалардың ата-анасына Қазақстан Респубилкасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 364, 440, 412 бабтарымен әкімшілік жауапкершілік көзделгенін қатаң ескертеміз.

Жаз мезгілі қатты ыстық. Осындай ыстық ауа ра­йында денені салқындатып, шар­шағанды басу үшін көпшіліктің су айдындарында суға түсетіні белгілі. Су айдындарында суға түсу кезінде сақтық ереже талаптарын қатаң сақтау қажет. Атап айқанда:

– Таныс емес жерде суға түспес бұрын аймақпен толықтай танысу;

– Суға түсу кезінде балаларды қараусыз қал­дырмау;

– Көпірлерден, бөгеттерден, қайықтан суға секір­меу және сүңгімеу;

– Мас күйінде су айдындарында шомылмау;

– Денсаулығыңыз жарамсыз жағдайда суға түспеу.

Ата-ананың балаларды қараусыз қалдыруынан судағы қайғылы жағдайдан бөлек терезеден құлау оқиғалары тіркеліп отыр. Ағымдағы жылдың 5 айының ішінде облыста 2 жағдай тіркелген (2021 жылы – 10 бала, 2-і қайтыс болды). Терезеге шығып алу көбіне қайғылы жағдайларға алып келеді. Терезеден құлау оқиғалары ата-аналардың балаларды тұрғын үйлерде жалғыз, қараусыз қалдырып кетуінен болып жатыр. Орын алған орны толмас бақытсыз қайғылы жағдайдың орнын ешкім толтырып бермейді. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін терезедегі маска торларының орнына темір немесе пластикалық торлар орналастыру керек. Терезе жақтауларының алдына балалар шығып алатын бөгде заттарды (орындық, диван, үстел және т.б) қоймаған абзал. Балаларды тұрғын үйде терезе ашық жағдайда назардан тыс қалдырмаған жөн. Аталған қайғылы жағдайларға тап болмас үшін ата-аналар балаларды жалғыз немесе қараусыз қалдырмау тиіс.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» «112» номері бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлі­мінде 21-4-94 нөмерлі сенім телефоны жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз.










Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі

28 мамыр 2022 ж. 562 0