Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өрт қауіпсіздігін сақтайық!

Өрт қауіпсіздігін сақтайық!

Аудан аумағында қалыптасқан ыстық, құрғақ және желді ауа райына байланысты өрт қаупі жоғарылайды.

Бұл кезеңде өрт пайда болу қаупі, әсіресе абайсызда отпен жұмыс жасау кезінде артады.

Аулада тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерді сақтамау, жол жиегіне өшірмей тасталған темекі тұқылы, күн сәулесі үшін линза ретіндегі әсерін тигізетін шыны сынығы – өртке себеп болатын қарапайым адами факторлар.

Желді күндері осындай «ұсақ-түйектер» қасіретке айналуы мүмкін. От санаулы секундтар ішінде көрші учаскеге ауысып, тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстарды жоюға қабілетті.

Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды, балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлау қажет.

Сырдария ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі

14 маусым 2023 ж. 622 0