Тазалық жұмыстарындағы өрт қауіпсіздігі
Аулада тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерді сақтамау, жол жиегіне тасталған темекі тұқылы, күн сәулесі үшін линза ретіндегі әсерін тигізетін шыны сынығы – өртке себеп болатын қарапайым адами факторлар.
Желді күндері осындай «ұсақ-түйектер» қасіретке айналуы мүмкін. От санаулы секундтар ішінде көрші учаскеге ауысып, тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстарды жоюға қабілетті.
Қайғылы жағдайды болдырмау үшін қоқысты және құрғақ шөпті өртеу кезінде негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
– Жазғы маусымда әрбір тұрғын үй ғимаратының жанында кемінде 200 литр жиынтық су қоры немесе өрт сөндіргіш болуы тиіс;
– Жанғыш қалдықтардың қоқыстарын үйіп қоюға жол берілмейді;
– Пайдаға асырылмайтын қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатақханалары, саяжай кооперативтері, бау-бақша серіктестіктері, гараждар және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткізгішпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарда жабылатын қақпақтары бар металл сыйымдылықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 25 метр қашықтықта орналасуы қажет;
– Қоқысты және құрғақ шөпті өртеу орнын дұрыс таңдау және дайындау керек.
– Ол құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан ашық алаң болуы керек.
– Тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде тұрмыстық қалдықтарды жағып оны қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салынады.
Ескертпе: Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімінінің 8/72436/ 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды немесе өртті байқаған жағдайда «101», «112»-ге хабарласыңыз.
Есіңізде болсын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамауы бойынша әкімшілік жаза көзделген.
Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімі